Көкпекті ауданында жаяу жүргіншіні қағып өлтіріп, сол жерден тайып тұрған КамАЗ жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға наурыз айының аяғында Преображенка ауылындағы «Көкпекті-Васильев өткелі» тасжолының 138 шақырымында болған. 34 жастағы КамАЗ автокөлігінің жүргізушісі мас күйінде рульге отырып жаяу жүргіншіні қағып кетеді. Осының салдарынан 46 жастағы азамат бірден жан тапсырған. Ал жүргізуші болса қылмыстық жауапкершіліктен жалтару үшін сол жерден із суытады.
– Жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары ер адамды қолға түсірді. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы 5-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта бірқатар сараптама тағайындалған, - деп хабарлады ведомство өкілдері.