Өңірде тұрғындар басына іс түсіп, қиын-қыстау заман орнағанда сүрінгенге сүйеу, жығылғанға медеу болатын арда азаматтар аз емес. Сондай атымтай жомарттардың бірі – Көкпекті ауданының тумасы, BI Group директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахимбаев.
Осыған дейін де жерлестеріне көмек қолын аямаған меценат қазіргі індет өршіп тұрған кезеңде 250 отбасыға азық-түлік жиынтығын алу үшін екі миллион теңге бөлді. Қазіргі уақытта жұқпалы аурулар стационарына 100 оттегі концентратын жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Тағы 10 концентрат өзінің кіндік қаны тамған Көкпекті ауданына жіберілді.
Туған өлкесіне көмек беру ісі бұған дейін де жалғасқан. Мәселен «BI Жұлдызай» корпоративті қоры меценат білім алған мектеппен тығыз қарым-қатынаста. Құлынжон ауылындағы орта мектеп оқушылары мен ұстаздары үшін жыл сайын елордаға саяхаттап қайтуға жолдама беріледі. Оқушылар үшін керек оқу құралдары сатып алынады. 2015 жылы ауылдағы жеңіс саябағын қайта жөндеуге қаржы бөлініп, аталған жер жаңаша сипатқа ие болған. Бұдан іле Мәдениеь үйі де жөндеуден өтті.
Осыған дейін Айдын Рахимбаевтың бастамасымен коронакризиске байланысты ел көлемінде 1000 концентрат, 6 ИВЛ аппараты, ПЦР тестілеуден өту үшін 52 реагент және 12 кешенді зертханалық жабдықтар сатып алынды. BI Group акционерлері атсалысқан бұл игі іске 130 млн теңге бөлінген болатын. Оған қоса холдингтің сатып алу басқармасының арқасында құны 66,7 млн теңгеге коронавируспен күрес үшін 10 мың қаптама тиісті препараттарға қол жеткізбек. Сонымен қатар шілде айының 13-нде дәрігерлердің балаларына арнап онлайн-лагерь басталды. Елордада қатерлі індетті ауыздықтауда алдыңғы шепте жүрген дәрігерлерге BI Group 100 млн теңге бөліп, 10 мың 3M FFP2 респираторлық маскасын жеткізді. Айдын Рахымбаев көрсеткен барлығы жұқпалы вирусқа барына тосқауыл қойып, тұрғындардың тезірек сауығып кетулері үшін жасалуда.