Көкпектілік палуан 74 келі салмақтағы кіл мықтылар қатарында

748
көрілім
Фотосурет inbusiness.kz сайтынан

Жерлесіміз Данияр Қайсанов халықаралық күрес парақшасы дерегінше, қазіргі уақытта тәжірибесі толысқан еркін күрес шеберлері арасында үздіктер қатарында, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Парақша мәліметінше, 74 келі салмақта Олимпиада ойындары кезінде 3-4 спортшы ғана нақты фаворит болса, бұл тізімнен көпшілік естімеген палуандар да орын алған. Нақты айтсақ, Азия, Еуропа, чемпиондары мен жүлдегерлері, сондай-ақ Олимпиада ойындары мен Әлем чемпионаттарында атой салған сақа спортшылар бар. Әлемдік рейтингіде 3-ші орынға жайғасқан Данияр Қайсанов бұл топтан ойып тұрып орын алған.

Сонымен аталған салмақта күні бүгінге дейін сәтті белдесіп жүрген спортшылар есімі төмендегідей: Тогрул Аскеров (Әзірбайжан, Олимпиада ойындарының жеңімпазы әрі күміс жүлдегері, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, екі дүркін Еуропа чемпионы); Джордан Барроуз (АҚШ, Олимпиада чемпионы, 4 дүркін Әлем чемпионы, 3 дүркін Әлем чемпионатының қола жүлдегері); Франк Чамизо (Италия, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, екі дүркін Әлем чемпионы, Әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері); Сонер Демирташ (Түркия, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, Әлем чемпионатының қола жүлдегері, үш дүркін Еуропа чемпионы, Еуропаның екі дүркін күміс, екі дүркін қола жүлдегері); Заурбек Сидаков (Ресей, екі дүркін Әлем чемпионы, Еуропа чемпионы); Магомедрасул Газимагомедов (Ресей, екі дүркін Әлем чемпионы, Еуропа чемпионы); Магомед Курбаналиев (Әлем чемпионы, қола жүлдегері, екі дүркін Еуропа чемпионы); Автандил Кенчадзе (Грузия, Әле м чемпионатының күміс жүлдегері, Еуропа чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері); Бекзод Абдурахмонов (Өзбекстан, екі дүркін Әлем чемпионатының қола жүлдегері, төрт дүркін Азия чемпины); Данияр Қайсанов (Қазақстан, Әлем чемпионатының қола жүлдегері, екі дүркін Азия чемпионы, күміс және қола жүлдегері); Юки Фудзинами (Жапония, Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионатының қола жүлдегері). Тізімге енбеген бірқатар спортшылар бар. Әйтсе де әлемдік деңгейде әзірге осы спортшылардың шоқтығы биік болып тұр.