Көкпектілік палуанға кімдер қарсылас атанады?

718
көрілім

Халықаралық күрес парақшалары дерегінше, осыған дейін жоғары ұпай жинаған палуандар Олимпиада ойындары алдында төрт топқа бөлінеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ішкі іріктеу жарыстарының бірінде АҚШ-тың азуы алты қарыс спортшысы Джордан Барроуз отандасы Кайл Дэйкке жол берген соң, Дэйктің Токиодағы төртжылдықтың басты бәсекесінде өнер көрсету мүмкіндігі пайда болды. Әзіргі оның рейтингте көш бастап тұрған палуандардың қайсысының тобына түсетіндігі беймәлім, десе де ол медальдан сөзсіз үмітті.

Сонымен алдымен италиялық Франк Чамизо топ бастаса, сосын жерлесіміз Данияр Қайсанов екінші топтың тізгінін ұстамақ. Дегенмен бұл басты фавориттер тек осылар дегенді аңғартпайды. Көкпектілік палуанның жүлдегер атануына мүмкіндік жоқ емес, Польшадағы турнир оның бабында тұрғандығын аңғартты. Дей тұрғанмен бірқатар еуропалық спортшылар да бұл күндері әзірліктерін күшейте түскен.

Содан соң екі дүркін Әлем чемпионы, ресейлік Заурбек Сидаков пен «Тахти кубогінің» жеңімпазы әзірбайжандық Гаджимурд Гаджиев қарсыластарын күтетін болады.

Жалпы, бұл салмақта Иран, Белорусь елдерінің палуандары да «сен тұр, мен атайынның» қатарынан. Біреуі жерлесімізге қарсылас атанып қалуы мүмкін. Анығы сол, әр топқа бөлінген спортшылар жартылай финалға дейін бір-бірлерімен жолықпайды.