Бұл туралы аудан әкімі Серікқазы Садуақасов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Көкпекті ауданы, Самар ауылының мұғалімі білім бәйгесінде үздік атанып қана қоймай, төсбелгіге ие болды.
– «Қазақстанның жыл мұғалімі-2020» байқауына қатысқан Ж. Болғанбаев атындағы орта мектеп лицейінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Әсем Чакенова жеңімпаз атанып, «Қазақстанның жыл мұғалімі» төс белгісімен мараппаталды. Құттықтаймыз! – делінген аудан басшысының жазбасында.