Көлден алыс жерде тексеруге құқылы ма?

375
көрілім

- Өткен жылы қыста рұқсат алып қала сыртында балық аулаған едім. Содан соң көлігіммен кері қайтып, көлден шамамен 30 шақырымдай алыстаған кезде жол бойында балық инспекторы тоқтатып, рұқсат қағазымды талап етті. Балығымды өлшеді. Ауланған балығым құжатта көрсетілген салмаққа сәйкес келген соң олар маған ешқандай мін таға алмады. Менің білгім келетіні, балық инспекторының көл аумағынан біршама ұзап кеткен соң әдейі тоқтатып, тексеруі тиісті талапқа сай келе ме?

Рафхат З., тұрақты оқырман

Сіздің сұрағыңызға ШҚО бойынша Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы жауап берді:

- Балық инспекторлары балық аулаушыларды суқойма жағасынан бастап автомобиль жолына шыққанға дейінгі аралықта тоқтатып, тексеруге құқылы. Ал тасжол үстінде тоқтатуға олардың құқықтары жоқ. Рейд кезінде балық инспекторлары жол-патрульдік полициясы қызметкерлерімен бірлесе жұмыс істеп, көліктерді тоқтатуы мүмкін.

Сондай-ақ көлік құралын тасжол үстінде табиғат қорғау полициясының қызметкерлері де тоқтатуға құқылы екенін ескертеміз.