Өңірімізде биыл білім беру мекемелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 10,9 млрд теңге бөлінді.
– Осы жылы 423 білім беру мекемесіне ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 10,9 млрд теңге бөлінді. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 5 есеге көп. Қазірде 423 нысанның 381-де тиісті жөндеу жұмыстары аяқталды, – деді облыс әкімі Даниал Ахметов.
Сондай-ақ облыс орталығында «Жас техниктер» стансасында қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген соң қосымша білім беру мақсатында SMART-орталық ашылмақ.