Өскемен қаласындағы «№35 орта мектепте «21-ғасырдағы қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол» атты республикалық ата-аналар конференциясы болып өтті.
Мектеп дәлізіне қойылған «Ата-аналар, сіздер үшін!» атты көрмеде ата-аналарға қажетті психологиялық көмек материалдары, жаңартылған оқу мазмұнының ерекшеліктері туралы ақпарат қойылды. Сонымен қатар отбасын және балалық шақты қолдау орталығының мамандары ата-аналар үшін әлеуметтік-психологиялық кеңес көрсету пунктін ұйымдастырып, бала тәрбиесіне қатысты түрлі сұрақтарға жауап берді.
– Конференцияға 195 ата-ана белсенділікпен қатысты. Жиналыс соңында ата-аналар өздеріне аса қажетті тиімді ақпарат, ақыл-кеңес алғандарын айтып, мектеп ұжымына, министрлік өкілдеріне алғыс білдірді, – дейді № 35 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Құнанбаева.
Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ