Корей ғалымдары ШҚО-да литийдің үлкен кен орнын тапты

282
көрілім
Фотосурет Alash.kz сайтынан

Кореяның геология және минералдық ресурстар институты (KIGAM) өткен жылы өңір аумағында литийдің үлкен құрамын тапқан, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Геологтар мәліметінше, кен орнының ауданы 1,6 шаршы шақырымды құрайды. Мамыр айынан бері шетелдіктер Қазақстан үкіметі тапсырысы бойынша зерттеп, танталдың литий және цезиймен бірге табылатынын есепке алды.
Табылған ресурстардың құны шамамен – 15,7 миллиард долларға бағаланды.
Литий – аккумулятордың негізгі құрамдас бөлігі болғандықтан, электромобиль өнеркәсібі мен басқа да заманауи салалар үшін қолданылады.
- Канадалық агенттіктің талдауына сәйкес, өңірде табылған литийдің мөлшері 5,3 пайызға жеткен. Ал батыс Аустралия шахтасынан табылған литийдің құрамы 2,1 пайызды құрайды, - деп жазды Korea Times.
KIGAM келесі жылы литий өндіруді бастау үшін учаскеде бұрғылау құқығына өтініш беруді жоспарлап отыр.