Әскерлерді инспекциялау 2022 жылғы 15 ақпан мен 6 наурызға жоспарланған. Осы аралықта комиссия мүшелері әскери құрамалар мен бөлімдердің басқармаларын, жауынгерлік және қамтамасыз ету бөлімшелерін тексерістен өткізеді.
Инспекция барысында құрамалар мен бөлімдердің жауынгерлік даярлығы, диверсияға қарсы қауіпсіздік жағдайы, қару-жарақ пен әскери техниканың жай-күйі, материалдық базаның ахуалы және жеке құрамның моральдық-психологиялық жағдайы тексерілмек.
Әскерилер тактикалық, арнайы, атыс, мемлекетттік-құқықтық дайындық, дене шынықтыру және басқа да дайындық түрлерінен, сондай-ақ, ұрыс машиналары мен автомобиль техникасын жүргізуден, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғанудан, әскери топографиядан сынақтар тапсыруды бастап кетті.
- Әскери бөлімдердің қауіпсіздігі – күнделікті әскери өмірдің маңызды мәселелерінің бірі. Оның ішінде диверсияға қарсы қауіпсіздік жіті назарда. Инспекция барысында әскери мекемелердің диверсияға қарсы іс-қимылдарын тексеру де қамтылған. Тексерістерден соң әр әскери құрамалар мен бөлімдердің жауынгерлік әзірлігі жеке-жеке бағаланбақ, - делінген мәліметте.