Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ДДСҰ коронавирусты пандемия деп жариялауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Baq.kz ке сілтеме жасап.
- ДДСҰ коронавирусты пандемия деп жариялады. Үкімет арнайы алдын алу шараларын қолға алады. Қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады. Азаматтар азық-түлікпен және ең қажетті тауарлармен үздіксіз қамтылады. Шағын және орта бизнес зардап шекпеуі тиіс, - деді президент өзінің твиттердегі парақшасында.
Оның айтуына қарағанда қиыншылықты бірлессек қана жеңе аламыз.
- Ең бастысы – азаматтарымыздың денсаулығы. Біз қиыншылықтарды #Birge еңсереміз, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.