Коронавирус бірқатар дзюдо додаларын кейінге шегерді

427
көрілім

Коронавирус ауқымы жер жаһанға жайылып бара жатқанына байланысты халықаралық дзюдо федерациясы бірқатар бәсекелерді тоқтатуға бекінді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Соған қарамастан ұлттық құрама мүшелері бір сәт те әзірліктерін бәсеңсіткен емес. Бапкерлік құрам осыған дейін Израиль елінде өтуі тиіс әлемдік Гран-при турниріне баратын спортшылар тізімін ұсынған еді. Десе де наурыз айының 3-і күні сайыстың ресми түрде шегерілгені мәлімделді. Бұл ғана емес. Енді коронавирус эпидемиясына байланысты 30-шы сәуірге дейін IJF күнтізбесіндегі Олимиада алдындағы лицензиялық турнирлер тоқтатылды. Нақты айтсақ, Ресейдегі (Екатеринбург) Grand Slam, Грузия (Тбилиси) мен Түркиядағы (Анталия) Гран-При турнирлері. Айта кетейік, қазір ел құрамасы сапында көптеген жерлестеріміз дайындықтарын жаластырып, шеберліктерін шыңдауда.