"Қазақстан темір жолы" баспасөз қызметінің мәліметі бойынша "ҚТЖ" ҰК" АҚ ҚР теміржол вокзалдарында коронавирус таралуының алдын алу және қауіпсіздік шараларын қабылдаса, Нұр-Сұлтан, Алматы, Семей және Достық қалаларында орналасқан вокзалдарға ерекше назар аударылуда, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.
Кассирлер, кезекшілер және өзге де вокзал қызметкерлері маскалармен, қорғаныш қолғаптармен және антисептиктермен қамтамасыз етілген.
Сондай-ақ жұқпалы аурулар белгілері бар тұлғаларды анықтаған жағдайда қауіпсіздік шаралары мен іс-әрекеттері бойынша қызметкерлерге нұсқаулықтар өткізілді.
Вокзал ғимараттарын залалсыздандыру тұрақты жүргізіліп, қажетті арнайы жуып-шаю заттарымен толықтай қамтамасыз етілген. Бұдан басқа коронавирус инфекциясының белгілері туралы жаднама орналастырылып, желдету жүйелеріне тексерістер жүргізіліп, аурудың алдын алу шаралары туралы жолаушыларға аудиоақпараттандыру жүргізілуде.