Қытайда өткен тәулікте жаңа коронавирус жұқтырғандар саны 1771 адамға өсті, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Елде 4515 диагноз расталса, 6,9 мың адам ауруға шалдығуы мүмкін деген күдікке ілікті, деп хабарлайды ҚазАқпарат жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.
Бір тәуліктің ішінде Қытайдың 30 провинциясында, автономды аудандарында және қалаларында ауру жұқтықтарғандар саны 1771 адамға өсті. 515 науқас ауыр халде жатса, 26 адам көз жұмды (Хубэй провинциясында – 24, Бейжіңде – 1, Хайнаньда – 1). 9 науқас ауруханадан шығарылды, 2077 адам жаңа коронавирус жұқтырды деген күдікке ілікті.
Соңғы деректерге сәйкес, Қытайда коронавирусқа шалдыққандар саны 4515 адамды құрады. Одан 106 адам қаза тапты.