Өскемен қаласының тұрғыны коронавируске қатысты call-орталыққа хабарласып, жұқпалы дертке шалдыққандығы жайлы жалған айтқан, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ер адам 25 наурызда тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталыққа қоңырау шалған. Ол операторға жуықта Тайландттан келгенін, өзінде ЖРВИ белгілері бар екендігін айтты.
– Дереу жеткен мамандар 39 жастағы тұрғыннан вирустық инфекцияның белгілерін байқамады. Дені құлан-таза сау азаматтың ішімдік ішіп алғаны белгілі болған. Сондай-ақ тексеру кезінде өскемендіктің шетелге шықпағаны анықталды, – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Жалған хабар бергені үшін ер адамға ҚР ӘҚБтК-нің 438-бабы 1-бөлігі бойынша 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін.