Қостанайда боранда із-түзсіз кеткен әже мен баланың денесі табылды

273
көрілім
Фото:zakon.kz сайтынан

Кеше Қостанай облысында жоғалып кеткен әжесі мен немересі аязда үсіп қалған, деп хабарлайды  Buqara.kz сайтының тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл жайында Қостанай облысының полиция департаменті мәлімет таратты.

«Степной ауылының шетінен жоғалған екі кісінің денесі табылды. Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Бүкіл қажетті тергеу әрекеттері жүргізіледі» деп хабарлады полициядан.

Еске сала кетейік, кеше, 26 желтоқсан таңғы сағат 7.00 шамасында Степной елдімекенінде 58 жастағы әйел мен 11 жасар қыз жолай өтіп бара жатқан көлікті тоқтатып мінеміз деп үйден шығып кеткен еді. Олар Тобыл қаласына бармақ болған.

Қарт әйел мен баланы іздеуге жергілікті құтқарушылар жұмылдырылды. Жоғалғандар жайында әлеуметтік желіде хабарланды. 

Іздеу жұмысын қолайсыз ауа райы да қиындатты — кеше күні бойы Қостанай облысында қарлы боран басылмаған еді.