Қостанайда саумал ұнтағын шығаратын ферма жұмыс істеп тұр

388
көрілім
Фото: /kaz.inform.kz/ сайтынан

Қостанай облысында жылына 40 тонна саумал ұнтағын шығаратын ферма жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

«S-Agro-Borovskoe» ЖШС жылына 40 тонна саумал ұнтағын шығаратын ферманы іске қосты. Кәсіпорын толық қуатымен жұмыс істей бастаған кезде 1 000 адамды жұмыспен қамтуы керек. 

Осы ферманың арқасында өңірде бұрын-соңды болмаған өнім пайда болған. Саумал ұнтағының ең басты қасиеті – қанша уақыт сақтаса да емдік қасиетін жоғалтпайтынында. 

«Заманауи технологиялардың арқасында осындай бірегей мұрамызды сақтап қана қоймай, халықаралық деңгейге шығара алдық», - дейді жоба атворлары.

Сондай-ақ «Милх» ЖШС ірімшіктің 10 түрлі өнімін шығаратын кешен салып жатыр. Бұл жобаға германиялық «Дойчес Милхконтор» компаниясы инвестиция салмақ. Ол инвестицияның арқасында өңірдегі ірімшік өндірісінің көлемі 1,5 есе артады, импорт үлесі төмендейді деген есеп бар. 

Құны 7,2 млрд теңге болатын жоба жылына 2 мың тонна өнім шығаруға мүмкіндік береді. Осылай өңірдегі өңделген сүт өнімдерінің үлесін 46%-дан 60%-ға дейін арттырамыз. Оның үстіне Германияға да өнім экспорттау туралы келісім бар.