ҚР Білім және ғылым министрлігі түлектер кешіне ұсыныс жасады

517
көрілім
Фотосурет turkystan.kz сайтынан

ҚР Білім және ғылым министрлігі түлектер кешін қымбат шараға айналдырмай, оны мектеп қабырғасында өткізуді ұсынды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа  сілтеме жасап.

– Оқу жылының аяқталуына орай оқушылар мен ата-аналарды мектеп бітіру кешін өткізудің форматы алаңдатады. Сонымен қатар ата-аналар комитетінің ақша жинайтындығы туралы хабарламалар жиі түседі. Ол отбасылық бюджетке салмақ салатыны анық, – делінген министрлік ақпаратында.

Мұндай шағымдарға жауап ретінде ҚР Білім және ғылым министрлігі ақшаны үнемдеу үшін түлектер кешін дәмханалар мен мейрамханаларда емес, мектеп қабырғасында өткізуді ұсынады.

– Ондай кештер тек мектептің территориясында өтуі керек деп санаймын. Артық ақша шашудың да қажеті жоқ. Аста-төк отырыс жасамау керек. Қымбат көйлек алудың да қажеті шамалы. Түлектер кеші ол үшін жасалмайды, – дейді министр Күләш Шәмшидинова.