Риддерліктер жауапты тұлғадан өткен жылы электр энергиясы қымбаттағанымен, соңғы уақытта тарифтің неге қайта көтерілгенін сұрады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтың тілшісі.
Баға өсуінің бірнеше себебі бар. Оған басты себеп, электр энергиясы өндірілетін станциялардың өзінде тарифтің көтерілуі болып отыр. Облыс аумағында тек тариф есебінен жөндеу жұмыстарын жүргізетін жеке станциялардың көптігімен байланыстырды.
- Бұл дегеніміз көбейту мен жөндеу науқандарын жүргізу және сапалы қызмет көрсету үшін қажет деп түсіндірді.Оның үстіне жерлестеріміз сонда жұмыс істегендіктен бағаның қымбаттауы жұмыскерлердің жалақыларының өсуіне де пайдасын тигізіп отыр, - деді вице-министр.
Оның сөзінше, Шығыс Қазақстан бұл салада орташа жалақы бойынша артта қалып келеді.
- Бұған басты себеп сол, кадр тапшылығы. Яғни бос орындар 20-30 пайызды көрсеткен. Біз кадрларды тартып, қажетті жөндеу жұмыстарын жүргізуіміз керек. Дәл осындай қосалқы станцияларды да ауыстыру қажет, - деп түсіндірді Есімханов. ҚР Табиғи монополияларды реттеу комитетінің өкілі өз кезегінде, тарифтердің көтерілуі қажетті күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге септігін тигізетінін қоса айтты. Яғни, бұл бірінші кезекте энергетика секторының тозуын азайтады.