ҚР Президенті: Семей қаласына тарихи орталық мәртебесі беріледі

391
көрілім

Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Семейге тарихи орталық мәрбесін берудің маңызы жайында айтты, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

- Сіз Семей қаласын абаттандыру жайында баяндадыңыз. Қазіргі кезде менің шешіміме сәйкес, Семей қаласына тарихи орталық мәртебесі беріледі. Бұл тек атау ғана емес, осы орайда бірқатар нақты шаралар қамтылады, яғни шынымен де осы тарихи қаланың тұрғындары Үкіметтің, басшылықтың тарапынан көңіл бөлініп отырғанын сезіну үшін керек. Менің ойымша, бұл міндетті сіз жүзеге асыра аласыз, - Президент Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовке қарата айтқан сөзінде.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абайдың 175 жылдығына арналған шаралар қандай бағытта өтуі керектігін түсіндірді.