Қуаныш Сүлейменов: қазақстандық мал шаруашылығының үміті

417
көрілім

Қуаныш Сүлейменов 1973 жылдың 14 қыркүйегінде Семей облысының Шар ауданы Шар қаласында дүниеге келген. Семей мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітіреді. Оқуын Қазақ мемлекеттік заңгерлік академияда, Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетте «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығы бойынша жалғастырып, ауылшаруашылық ғылымдарының магистрі атанады.

Еңбекжолын Қуаныш Серікқазыұлы қарапайым жұмысшы ретінде бастаған. Әр түрлі уақытта ол Алматы қаласындағы «Гүлжан» директоры, әскери жетекші, оқу тәртібі бойынша меңгеруші-ұйымдастырушы, кейін Жарма ауданындағы Шалабай орта мектебінің директоры қызметін атқарды.

Посткеңестік заманда жергілікті мектептің директоры Қуаныш Сүлейменов «Шалабай» аты бүкіл Қазақстанға танылып, ондағы өмір сүру деңгейі жақсара түсу керек деген шешімге келеді. Ұзақ жылдар бойы аслы тұқымды мал зауыты республикаға сиырлардың етті тұқымы – қазақтың ақбас сиырын беріп отырған болатын. Қуаныш Серікқазыұлы осы идеясымен аудандық әкімдікпен, жерлестерімен бөліседі. Қолдау да тез табылды. Ешкі күтпеген жерде мемлекеттік жұмыстан шығып кеткен кешегі мұғалім Сүлейменов мал шаруашылығының теориясы мен практикасын зерттеумен айналысады. Озық қожалықтардың мамандарынан кеңес алады, көршілес павлодарлықтардан үйренеді, аргентиналық кеңесшімен кездеседі.

Бүгінгі таңда «Шалабай» ЖШС-де ең үздік қазақстандық және әлемдік тәжірибе қолданылады. Малды қарқынды тамақтандыратын жаңа алаң салынды. Селекциялық-тұқымдық жұмыстарға ғылыми-зерттеу институты жетекшілік етеді. Кәсіпорын аслы тұқымды зауыттың дәржесін алуға талпынуда. Түпкілікті мақсат – алдымен қазақтың ақбас сиырының, кейін зауыттың сипаттамасын жақсарту. Бас өндірістік алаңда қызметкерлерге арналған қонақүй бар. Адамдар вахталық әдіспен жұмыс істейді. «Шалабай» ЖШС-дегі еңбекақы өнеркәсіптік кәсіпорындағы айлықтан төмен емес. Қазақтың ақбас сиырымен қатар «байыс» қойы мен «жабе» аттарының асыл тұқымын өсіру де қолға алынды. Басқаша айтқанда, Шалабайдағы мал шаруашылығы аса қарқынды дамуда. Сүлейменов мектептен кетіп, мал шаруашлығына бет бұруға шешім қабылдаған кезде алғашы ұстазы Мария Максимовна оның бірінші сыныпта жаз,ан шығармасын беріп жіберген. «Совхоздың директоры болғым келеді», — деп жазған екен ол кезде кішкене Қуаныш. Бұл арманын совхоз директорының туған өлкедегі өмірін жақсарту түсуге мүмкіндіктері көп деген себеппен түсіндірген. Арманы орындалып отыр.

Өзіңізге ұнаған үміткер үшін «Рухани жаңғыру. Қазақстанның 100 жаңа есімі» сайтында дауыс беруіңізге болады: http://100esim.el.kz/ru

Сайттың бас бетінде жобаның мәреге жеткен барлық үміткерлерімен танысуға болады.

Әлеуметтік желі немесе пошта арқылы авторизациядан өткеннен кейін сіз өмірбаяны өзіңізге ұнаған адамға дауыс беру құқығына ие боласыз.

Дауыс беру келесі категориялар бойынша жүргізіледі: ғылым, қоғам, медцина, спорт, мәдениет, бизнес. Әр категорияда үш қатысушыны ғана таңдауға болады.

Біздің замандасымыздың ұжымдық келбеті толық әрі айқын болуы үшін Қазақстанның 100 жаңа есімін таңдауға қатысыңыз.