Қуаныш Жұмабеков. Үржарлық Вундеркинд

598
көрілім

Қуаныш Жұмабеков 1988 жылы Семей облысында дүниеге келген. Оның дарыны мен ақыл-ой қабілеттілігі бала кезінен байқалады. 2002-2005 жылдары Үржар балалар музыкалық мектебінде «Домбыра-тенор» бойынша музыкалқы білім алады. 2006 жылы Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауылындағы М.Горький атындағы орта мектебін тамамдайды.

Сол жылы ол облыстық «Әуезов және әлемдік мәдениет» конкурсына қатысушы 100 үміткердің өатарына кірген. Оның ерекшелігі — М. Әуезовтің 20 томын жатқа айтатын. Осы конкурстан ол М. Әуезов атындағы Семей университетінің «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша грантын жеңіп алады.

Білімге деген құлшынысы Қуанышты енді шетелдік оқу орындарына жетелейді. Осылайша 2010-2011 жылдары Куала-Лумпурдегі (Малайзия) UCTI университетінде оқуын жалғастырады.

2012 жылы Қуаныш Қайнар Университетін «Шетел тілдері: ағылшын, түрік тілдері» манадығы бойынша аяқтап, 2014 жылы «Шет тілдері мен мансап бизнесі» Университетінде филология ғылымдарының магистры дәрежесін алады. 2015 жылы Омер Халисдемир Университетінің (Туркия) докторантурасына оқуға түседі. 4 тілді жетік меңгерген.

2015 жылы «Bizim Büro» (Анкара, Түркия) басылымында оның «Let’s Learn to Speak English» атты кітабы жарық көреді. Бұл кітапта ағылшын тілін үйренудің әдістемесі берілген, қосымша материал ретінде қазақтың ұлттық ертегілері қолданылады.

В 2017 жылы Қуаныш «Серпер» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Ержан Жұмабековтің «Шексіздік Шұғыласы» атты кітабын аударды. Бұл кітап Түркия Республикасының «Medeniyetin Burçları» ұйымының қолдауымен Стамбул қаласындағы «Ezgi» басылымында жарық көрді.

Қуаныш Жұмабековтің қазақ әдебиетін аударуға қосқан үлесі — бұл белгілі ақын-жазушы Құл-Керім Елеместің «Шырағым-ай» кітабы. Бұл кітапты Қуаныш Жұмабековтің арақасында енді ағылшын оқырмандары да оқи алады.

Өзіңізге ұнаған үміткер үшін «Рухани жаңғыру. Қазақстанның 100 жаңа есімі» сайтында дауыс беруіңізге болады: http://100esim.el.kz/ru

Сайттың бас бетінде жобаның мәреге жеткен барлық үміткерлерімен танысуға болады.

Әлеуметтік желі немесе пошта арқылы авторизациядан өткеннен кейін сіз өмірбаяны өзіңізге ұнаған адамға дауыс беру құқығына ие боласыз.

Дауыс беру келесі категориялар бойынша жүргізіледі: ғылым, қоғам, медцина, спорт, мәдениет, бизнес. Әр категорияда үш қатысушыны ғана таңдауға болады.

Біздің замандасымыздың ұжымдық келбеті толық әрі айқын болуы үшін Қазақстанның 100 жаңа есімін таңдауға қатысыңыз.