Құлап қолын сындырды

376
көрілім

Өткен аптада өңіріміздің басым бөлігінде қар жауып, соңы көктайғаққа ұласқаны белгілі. Дегенмен бұл жолғы көктайғақтан көп адам жапа шеге қойған жоқ. Ана мен бала орталығының дәрігерлері мектеп оқушыларының бұл жолғы каникулды ерекше оқиғасыз өткізгендерін айтуда.

2018 жылғы 30 қазан-4 қараша аралығында балалар травматологиясына 136 адам жүгінген. Салыстыра кетсек, жаз айларында аталмыш бөлімшеге кейде күніне 100 адам жүгінетін. Медицина қызметкерлерінің айтуынша, балалар жарақаты маусымды сипатқа ие көрінеді. Жаз айларында балалар көбіне қоршаудан, велосипед пен ағаштан құлап қолдарын сындырады.

Аталған кезеңде адамдардың ең көп жарақат алып, травматология бөліміне түсуі 3 қараша күні орын алып, бұл күні 28 адам медицина қызметкерлерінің көмегіне жүгінген. Көшеде құлап жарақат алған 10 адам 1 қараша күні бөлімге тіркелген.

Азамат ТЕМІРБЕКОВ