Күн станциясы салынуда

1875
көрілім

Жарма ауданында Күн электр станциясы салынып жатыр, деп хабарлайды газет тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Балама энергия үлесін арттыру мақсатында қолға алынған жобаның құны 17,5 млрд теңге. Қытайдан инвестиция тартып отырған «Жаңғыз solar» компаниясы өндірген энергияны «KEGOK», «ШҚ РЭК» АҚ арқылы ел аумағына таратады. 2017 жылы қолға алынған жоба 2019 жылдың шілде айында аяқталуы тиіс.

– Жобаны мемлекеттік сараптамадан өткізіп болдық. Барлық сметалық құжаттары, техникалық-экономикалық негіздемесі дайын. Күн панельдері қойылатын 66 гектар аумақ қоршалды. Электр магистраліне ток беретін қосалқы станцияның іргетасын қалап жатырмыз. Нысан жобалық қуатына толық енгеннен кейін жылына 45 млн МВт электр энергиясын өндіретін болады, – дейді жоба жетекшісі Хуадже Ян.

Бұл нысан іске қосылғанда облыста өндірілетін энергияның 2 пайызы балама көзден алынады деген болжам бар.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ