Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы 2018 жылғы Құрбан айт мейрамы тамыз айының 21-і күні басталатынын хабарлайды, деп жазады Sputnik.kz сайты.
Биыл мұсылман күнтізбесі бойынша зүл-хиджа айының бірінші күні тамыздың 12-не, ал Арапа күні 20 тамызға сәйкес келеді.
Арапа - қажылар Арафа жотасында құлшылық ететін күн. Қажылыққа бармаған мұсылмандар үшін Арапа күні ауыз бекіту - мұстахаб (жағымды) амал.
Жағдайы бар əрі жолаушы емес мұсылманға құрбандық шалу - уəжіп, мұсылмандық міндет.
Құрбандыққа түйе, сиыр жəне қой (ешкі де) шалынады. Қошқар немесе қой бір кісінің атынан шалынады. Ал ірі қара мал немесе түйені жеті кісі бірігіп құрбандыққа шалуға болады. Құрбандық малын айт намазынан кейін айттың үшінші күні күн батқанға дейін шалуға болады.
Құрбандық етін үшке бөліп таратады. Бір бөлігі өзіне қалады, екінші бөлігі ағайын-туыс, көршілерге беріледі, үшінші бөлігі көмекке мұқтаж кісілерге таратылады.
Қазақстанның "Еңбек туралы" заңына сәйкес 2005 жылдан бері Құрбан айттың бірінші күні демалыс болып есептеледі. Биыл бұл күн 21 тамызға ұспа-тұс келеді. Яғни сенбі, жексенбі (17,18 тамыз) демалыс күндерінен кейін дүйсенбіде жұмыс істеген қазақстандықтар 21 тамыз күні қайта демалады.
Суретке:
Құрбандыққа шалынатын төрт түлік түрі
Қой (ешкі)
Ірі қара
Түйе