Курчатов қаласында мас жүргізуші тұраққа қойылған көлікті соғып кеткен

362
көрілім

Курчатов қаласында орын алған құқық бұзушылық бейнебақылау камераларының көмегімен анықталды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

- Тәуелсіздік көшесіндегі аулалардың бірінде ВАЗ-2106 маркалы көлік тұрақта тұрған BMW автокөлігін соғып кеткен, - дейді ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

21 жастағы көлік жүргізушісі ұсталған соң оның рөлге мас күйінде отырғаны және қараша айында сот үкімі бойынша 3 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылғаны белгілі болды.

- Сотқа дейінгі тергеу амалдары барысында күдікті өз кінәсін мойындады, - делінген ведмоство мәліметінде. - Қазіргі уақытта қылмыстық іс Курчатов қалалық сотына жіберілмекші.