Курчатовта балабақша директоры баланы мекемеге қабылдау үшін пара алған

566
көрілім

Курчатов қаласында балабақшаның директорын айыптау туралы қылмыстық іс қаралды.

Курчатов қалалық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, сот мәжілісінде балабақша директоры қызмет бабын пайдаланып, сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасағаны анықталған. Атап айтқанда, ол қала тұрғынының қызын балабақшаға орналастыру үшін 40 000 теңге мөлшерінде пара алған. Соттың үкімімен балабақшаның экс-директоры ҚР ҚК-нің 366-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 2000000 (екі миллион) теңге мөлшерінде айыппұл арқалады. Сондай-ақ, сотталушының мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Үкім заңды күшіне енді.

Buqara.kz