Құрметті шығысқазақстандықтар!

134
көрілім

Соңғы уақытта танымал мессенджерлер арасында мемлекеттік және құқық қорғау органдарының жауапты тұлғаларының атынан жалған ақпарат таратылуда, онда азаматтардан банк шоттары мен карта нөмірлері туралы ақпарат беру талап етіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Полиция департаменті бұл әрекеттер заңсыз және шындыққа жанаспайды деп хабарлайды. Қазіргі уақытта құқық бұзушыларды анықтау жұмыстары жүргізілуде.
Сіздерден жалған ақпаратқа сенбеуіңізді және қырағы болуларыңызды сұраймыз. Алаяқтардың сіздерді алдауларына жол бермеңіз. Жеке деректерді ешкімге бермеңіз. Қолма-қол ақшаны шоттарға аудармаңыз