Күршім ауданы Құйған ауылында заңсыз сақталған қару табылды

3544
көрілім

«Қару» жедел алдын алу шарасының барысында 1 маусым күні Құйған ауылдық округіне қарасты учаскедегі шаруа қожалықтарының бірінен заңсыз сақталған қару табылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Белгілі болғандай, 1964 жылы туған ер адам «МЦ21-12» маркалы 12 калибрлі қару, 12 калибрлі 67 дана оқты қожалық аумағындағы үйде сақтаған. Тәркіленген қаруға арнайы сараптама тағайындалды.

Іс-шараның негізгі мақсаты - атыс қаруын қолданумен байланысты қылмыстарды ашу, алдын алу болып саналады. Бұдан бөлек, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды заңсыз сақтаумен, дайындаумен айналысатын адамдар мен ұйымдасқан қылмыстық топтарды жолын кесіп, сондай-ақ, қару, оқ-дәрілерді және басқа да құқық бұзушылықтарды заңсыз сақтау және сату деректерін анықтау.