Күршім ауданына апаратын «Қызыл Ту» өткеліндегі паром жұмысын бастады

720
көрілім
14 сәуірден бастап Күршім мен Көкпекті аудандарының арасын жалғайтын «Қызыл Ту» өткеліндегі паром іске қосылып, бұрынғы кесте бойынша жолаушыларды тасымалдай бастады.

Естеріңізге салсақ, «Қызыл Ту» (Казнаков өткелі — автордың түсініктемесі) өткелі Бұқтырма суқоймасының бойында орналасқан үлкен паром өткелдерінің бірі болып саналады. Облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, Күршім және Көкпекті аудандарының арасын жалғайтын өткелдегі паром күн сайын келесі кесте бойынша жүретін көрінеді:

Суқойманың Күршім ауданы жағындағы жағасынан (суқойманың оң жақ жағалауы) 6.00, 8.00, 11.00, 12.00, 14.00, 16.00, 18.00, 20.00
Суқойманың Көкпекті ауданы жағындағы жағасынан (суқойманың сол жақ жағалауы) 7.00, 9.00, 11.00, 13.00, 15.00, 17.00, 19.00, 21.00

Ерлен ОСМАНОВ