Күршім ауданына салынатын көпір құрылысына облыстық бюджеттен 500 млн теңге бөлінді

598
көрілім

Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен жиында ШҚО Жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Белгілі болғандай, биыл құрылыс жұмысын бастауға облыстық бюджеттен 500 млн теңге бөлінбек. Әзірге жауапты мердігер ұйым бекітілмеген.

- Президент өткен жылы Күршім ауданына көпір салу бойынша тапсырма берді. Осы ретте облыс әкімі Даниал Ахметовтың нұсқауымен жобалық-сметалық құжаттама әзірленген болатын. Бұдан бөлек, жұмыстың алғашқы бөлігін игеру үшін ҚР индустрия және инфраструктуралық даму министрлігінің автомобиль жолдары комитетіне тағы 5 млрд теңге бөлу үшін бюджеттік өтінім жібердік. Дегенмен ол ақшаны күтпей, бөлінген қаржыға құрылыс жұмысын бастай бермекпіз, - деді Нұржан Жұмаділов.

Жобаның жалпы құны - 30 млрд 180 млн теңге. 70 күн ішінде мердігер ұйым анықталғаннан кейін құрылысқа алғашқы дайындық жұмысы басталып кетпек.

Нұрбек АСҚАРОВ