Күршім ауданында 377 адам баспана кезегінде тұр

1467
көрілім
Фотосурет ашық дерекккөзден

Бұл туралы аудан басшысы Алмат Ақышов Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен жиын кезінде айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

370-тен астам тұрғынның 62-сі көпбалалы отбасы. Аудан әкімдігі бұл мәселені шешу үшін «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша ауылдарда үйлер салынып жатқандығын жеткізді. Мәлім болғандай, 11 елдімекенде 16 үй бой көтеріп, пәтер кілттері табыс етілген.

Солардың бірнешеуі Тәуелсіздік күнімен тұспа-тұс келіп, салтанатты шараға әкімдік өкілдері де қатысты.