Аудан әкімі Алмат Ақышовтың айтуынша, жыл басталғалы 33 шаруа қожалық иесі мен жеке кәсіпкерге 168 млн теңгеден астам несие беріліп, ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ресми ақпаратқа сүйенсек, агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін берілген 168,8 млн теңге қаржы 250 бас ірі қара мен 105 бас жылқы сатып алуға бағытталды. Онымен қатар, ауыл шаруашылығы техникалары да жыл сайын жаңартылып отырады. Бұл ретте биыл 434 млн теңге бөлінген. Ал 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде мал шаруашылығын дамытуға 39 кәсіпкерге 170 млн теңгенің несиесі берілді.
– Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 9,6 млн теңгеге жеті адам қайтарымсыз грантқа ие болды. «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 32 адам 222,4 млн теңгенің несиесіне 356 бас ірі мал, 146 бас жылқы сатып алды. Жалпы, аудан көлемінде осы бағдарлама үлкен сұранысқа ие. 70-тен астам жоба қабылданса, соның 32-сіне қаражат берілді. Қалған жобалар келесі траншқа дайын тұр, – аудан басшысы.
Айта кетерлігі, аталған жоба аясында жартылай фабрикат өнімдерін даярлау бойынша цех ашылды. Тиісінше, тұрғындар да жұмыспен қамтылған.
– 11 айда аудан бойынша 1228 жұмыс орны ашылды. Оның ішінде, тұрақты жұмыс орнының саны – 773.