Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, шара барысында автобустардан бөлек, жеңіл автокөліктер де тексерістен өткен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Күршім ауданы аумағында «Автобус» жедел алдын алу шарасы аясында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Атап айтсақ, Күршім АПБ ӘПБ ЖжТИ қызметкерлері Күршім ауылында жүк және жолаушылар тасымалдайтын автобустар мен такси көліктерді тексерді. Нәтижесінде, ҚР ӘҚбТ-нің 334-бабы 1-бөлігімен, 591-бабы 1 бөлігімен, 593 бабы 2-бөлігімен әкімшілік хаттамалар толтырылды, - делінген мәліметте.
kurshim_audanynda_avtobus_zhedel_aldyn_al
60