Күршім ауданында балаларға жол қауіпсіздігі түсіндірілді

3807
көрілім

Күршім ауданы аумағында өткізілген «Жолдағы балалардың қауіпсіздігі» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Күршім аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мектеп оқушыларымен кездесті.
Аудандық білім бөлімі мамандарымен бірлесіп атқарылған іс-шаралар барысында балаларға жол қозғалысының қауіпсіздігі, жолда жүру ережелерін баяндалды. Балалар да қызықтырған сауалдарын тәртіп сақшыларына қойып жатты.
Аталған акция барысында полиция қызметкерлері балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу бойынша жұмысты күшейтті.

- Полиция қызметкерлерінің мектептерде өткізген сабақтары айтарлықтай нәтижелі өтті. Балалардың тәртіп сақшыларынан алған мәліметтері өмір бойына жадыларында сақталып, жол ережелерін бұзбайды деген сенімдеміз. «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» жедел алдын алу іс-шарасы аясында барлығы 51 лекция-сабақ өткізіліп,  8 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деді Күршім АПБ бастығының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Е.Қабдуалиев.