Қазан айының 25-і күні Күршім ауданы прокурорының қатысуымен «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасын тиісті деңгейде өткізу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Нақты айтсақ, жыл көлемінде балық аулауға тыйым салынған «Тораңғы» шығанағы бойынша рейдтік шараларды күшейту мәселелері қаралып жедел кеңес өткізілді.
- 28 қазан күні «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Күршім ауданы Сарыөлең ауылдық округіне қарасты жыл көлемінде балық аулауға тыйым салынған «Тораңғы» шығанағында заңсыз құрылған ҚХР-да шығарылған аулар жиналып, жағада өртеу жұмыстары жүргізілді, - делінген мәліметте.