Күршім ауданында броконьерлер сұңқар ауламақ болған

615
көрілім

Күршім ауданында заңсыз сұңқар ауламақ болғандар құрықталды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахметтің айтуынша, оқиға 25 тамыз күні болған.

- Сағат 09.00 кезінде рейд жұмыстарын жүргізу барысында «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-ның Шығыс Қазақстан аймақтық филиалының қызметкерлері Күршім ауданының Қалжыр ауылы Бүйрек учаскесінде Митсубиси Паджеро маркалы автокөлікті тоқтатқан. Тексеру барысында Семей қаласында тұратын 1968 жылғы көлік жүргізушісі мен 1965 жылғы тағы бір азаматтың заңсыз сұңқар аулап жүргені анықталды, - дейді ол.

Тексеру барысында автокөліктен жабайы құстарды аулайтын тор, 7 көгершін мен Хатсан 125 маркалы қара түсті пневматикалық қару табылған. Аталған материал Күршім ауданының полиция бөліміне тіркеліп, ҚР ҚК 287-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып отыр.