Күршім ауданында елік атқан браконьер ұсталды

3270
көрілім

Күршім ауданында орманда елік атқан браконьер ұсталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, қыркүйектің 20-нан 21-іне қараған түнінде сағат 22.30-да рейд жүргізген тәртіп сақшылары Маралды ауылының маңындағы орманда оқ атылғанын естіп, сол жаққа қарай бет алған.

– Қызыл түсті «Тойота Хайлюкс» автокөлігі орманнан шығып, «Семей-Курчатов» тасжолына қарай жоғары жылдамдықпен жол тартты. Жүргізуші полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған. Көп ұзамай көлікті «Барыс-10» экипажы ұстады. Автокөлікті тексеру кезінде жүксалғыштан сібір елігінің өлексесі, 1 дана мылтық,3 оқ және пышақ табылды, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

40 жастағы ер адам Бородулиха ауданының тумасы болып шықты. Қазірде ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бірқатар сараптамалар тағайындалған.