Күршім ауданында ер адам жер үйлердің біріне заңсыз кіріп, тоңазытқыштағы азық-түлікті ұрлап кеткен

651
көрілім
ostashkov.ru

Күршім аудандық №2 сотында ұрлық істеген ер адамның ісі қаралды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Марқакөл ауылының тұрғыны маңайда ешкімнің жоқтығын пайдалып, тұрғын үйдің есігін арматурамен сындырып, ішке енеді. 59 жастағы еркектің ашыққандығы сонша, үйдегі дүние-мүлікті емес, тоңазытқышта тұрған азық-түлікке қырғидай тиген. Тауық, қой етін, сарымай мен шошқа майын ұрлаған еркек үй иесіне 13 300 теңге материалдық залал келтірді.

Күршім аудандық №2 сотында қаралған сот ісінде айыпталушы мен жәбірленуші медиативті келісімге келді. Осыған орай, сотталушы қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.