Күршім ауданында қайтыс болған кран қызметшісінің отбасына көмек көрсетілмек

207
көрілім
Фотосурет ашық дерекккөзден

«Мырзатаев» ЖК және «Стройград» ЖШС мердігер ұйымдары басшылығы қайтыс болған краншының отбасына қолдау көрсететін болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Күршім ауданына қарасты Маралды ауылында төтенше жағдай болып, кран мен бульдозер жұмысының нәтижесінде «Мырзатаев» ЖК қосалқы мердігерлік ұйымының жұмысшысы қаза тапты. Техника иелері «Мырзатаев» жеке кәсіпкерлігі мен «Стройград» ЖШС мердігерлік ұйымдары.
- Қайтыс болған адам 31 жаста, артында үш баласы қалды. «Мырзатаев» ЖК және «Стройград» ЖШС басшылығы туыстары мен жақындарына көңіл айтып, өтемақы төлеу және материалдық көмек көрсету бойынша міндеттемелерді алады, - делінген облыс әкімдігі ұсынған мәліметте.