Күршім ауданында қылмыстың алдын алу мақсатында жедел алдын алу шарасы өтуде

524
көрілім

Күршім ауданы аумағында ақпан айының 7-нен бастап «Профилактикалық бақылау» жедел алдын алу іс-шарасы өтуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Іс-шараның мақсаты – қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға сотталғандар тарапынан қайта жасалуы мүмкін құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасаудың алдын-алу.

- Яғни қолданыстағы қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес қылмыстық-құқықтық ықпал етудің басқа да шараларын атқару тәртібі мен шарттарын реттеу, олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сотталғандардың әлеуметтік бейімделуіне жәрдемдесу, - делінген мәліметте.

Аталған шараған 13-ші ақпанға дейін жалғаспақ.