Күршім ауданында қылмыстың алдын алу жұмыстарына жіті мән берілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл ретте Күршім аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Е.Кабдуалиев Күршім АПБ 1-ші учаскелік полиция пунктінің жұмысын тексеріп, алдын алу есебінде тұрғандармен сұхбат жүргізді.
- Кез келген қылмысты болдырмаудың бірден-бір жолы — алдын алу жұмыстары. Жүйелі түрде атқарылған бұл жұмыс қашан да нәтижелі болмақ. Аудан көлемінде атқарылған мұндай іс-шаралар өңірдегі қылмыстың азаюына оң әсерін тигізуде, - делінген мәліметте.