Күршім ауданында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында мини-футболдан жарыс өтті

858
көрілім

Күршім ауылының «Сарытау» стадионында 18 жастан асқан психоневрологиялық патологиясы бар азаматтар арасында мини-футболдан жарыс ұйымдастырылды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Күршім ауылының «Сарытау» стадионында Күршім ауданы әкімдігінің «Аумақтық әлеуметтік көмек көрсету орталығы» және мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі 18 жастан асқан психоневрологиялық патологиясы бар азаматтар арасында мини-футболдан жарыс ұйымдастырды. Жарыстың мақсаты – мүмкіншілігі шектеулі жандардың арасында спортқа деген қызығушылығын оятып, бос уақыттарын тиімді өткізуге жағдай жасау. Сондай-ақ, олардың көңіл-күйлерін көтеріп, сергіту жаттығуларын жасату.

Жарыс соңыңда барлық қатысушылар ақшалай сыйлықпен және Мақтау қағаздарымен марапатталды» делінген Күршім ауданы әкімдігінің ресми сайтында.