Биылғы жылы Күршім ауданында облыстық маңызы бар бірнеше көлік жолдары мен көше жолдары орташа жөндеуден өтпек. Сонымен қатар алдағы уақытта Күршім ауылында жалға берілетін 36 пәтерлік тұрғын үй мен Ақсуат ауылында 25 жеке тұрғын үй салынады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Күршім ауданының 2020-2024 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес 2020 жылы бірқатар автокөлік жолдарын жөндеуден өткізу жоспарлануда.
– Осы жылы аудандық және облыстық маңызы бар бірнеше жолдар орташа жөндеуден өткізілмек. Дәлірек айтқанда, Күршім – Үлкен Нарын және Күршім – Алғабас ауылдарының жолдары. Сондай-ақ Боран, Марқакөл, Қаратоғай, Қалжыр және Ақбұлақ ауылдарының көше жолдары да жөнделеді, – дейді аудан әкімінің орынбасары Қайрат Әзімбаев.
Таунар ҚАЙРАТ