Күршім ауданында өткен айда суға кеткен екі адамның денесі әлі де табылмай жатыр

848
көрілім

12 және 14 мамырда (құтқарушылардың болжамына сәйкес) Қалжыр ауылында суға кеткен екі азаматтың денесі әлі де табылар емес. Өзен суының тасуы іздеу жұмыстарына кедергі келтіруде, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, іздестіру жұмыстарына судан құтқару қызметінің 15 қызметкері жұмылдырылған. Құтқару қызметінің мамандары 3 арнайы техника, 1 жүзу құралымен ауқымды іздеу жұмыстарын ұйымдастырғанымен, нәтиже болмай тұр. Өзеннің тасуы құтқару қызметіне кедергі зор келтіріп тұрған көрінеді.

Естеріңізге сала кетсек, із-түссіз жоғалған 1974 (болжам бойынша 12 мамырда суға кеткен) және 1987 жылғы екі ер адамды (шамамен 14 мамырда суға кеткен) іздеу шаралары өткен айдан бері жүргізіліп жатыр. Суға кеткендердің бірі құтқарушы болған.