15-30 желтоқсан аралығында Күршім ауданы аумағында «Пиротехника» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Іс-шараның негізгі мақсаты – арнайы сертификаты жоқ пиротехникалық өнімдерді айналымнан алып тастау, сондай-ақ заңсыз сату және сақтау ережелерін бұзу фактілерін анықтап, оның жолын кесу.
- Аталған жедел алдын алу іс-шарасы аясында «Күршім» колледжінің 1-2 курс студенттері арасында пиротехника, фейерверк пайдалану кезіндегі сақтық шаралары туралы және құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы дәрістер өткізілді. Аудан аумағындағы пиротехника өнімдері сатылатын сауда орындарына рейд жүргізілді, - делінген мәліметте.