Күршім ауданында пробация қызметінің есебінде тұрғандарға бос орындар жәрмеңкесі өткізілді

3379
көрілім

ШҚО бойынша ҚАЖД Күршім аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп бос орындар жәрмеңкесі өткізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО бойынша ҚАЖД Күршім аудандық №1,2 пробация қызметінің өкілдері аудандық жастар орталығының мамандары, аудандық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің қызметкерлерімен тізе қосып, Күршім аудандық №1,2 пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға бос орындар жәрмеңкесін өткізді.

Жәрмеңкені өткізу барысында сотталғандарды жұмысқа орналастыру мамандық алу үшін курстарға жіберу туралы проблемалық мәселелер талқыланды.

Нәтижесінде пробация қызметінің есебінде тұрған бір азамат жеке кәсіпкерлікке, бір азамат «Маркакөл орман шаруашылығы» КММ-не квота бойынша жұмысқа жолданды.