Прокуратураның бастамасымен Күршім ауданында бас бостандығынан айыру жерлерінен босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған тұлғаларға арналған «Пробация үйі» ашылды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ШҚО Прокуратурасының баспасөз қызметіне сүйене отырып.
Дағдарыстық орталық «бір терезе» қағидасы бойынша мемлекеттік қызмет көрсетпек. Шара түрмелерден босап шыққан азаматтардың қайтара қылмыс жасамауын және есептегі адамдарды әлеуметтендіру үшін ұйымдастырылды.
Алғашқы күні «Пробация үйіне» Күршім ауданының №1 пробация қызметінде есепте тұратын 9 ауыл тұрғыны келді. Орталыққа келгендерге психологиялық және құқықтық көмек көрсетіліп, белгіленген квота және әлеуметтік дамыту бағдарламасы бойынша жұмыс орындары ұсынылды.