Күршім ауданында 169,5 кг балықты еш рұқсатсыз тасымалдаған ер адам сотталды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Аудандық сотта қаралған іс материалдарына сүйенсек, қармағын қамдап, олжалы қайтқан азамат балықты өзінің жеке меншік көлігімен тиісті рұқсат қағазынсыз тасымалдамақшы болған.
Осылайша ол ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы заңнамасының 389-бабының 1-бөлігін бұзды. Сот үкімімен айыпталушы кінәлі деп танылып, 10 АЕК мөлшерінде (22 690 теңге) айыппұл төлеуге міндеттелді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.