Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында суға батып кеткен құтқарушыны іздестіруде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.
2017 жылғы 14 мамырда ШҚО Күршім ауданы Қарой ауылы Қалжыр өзені, «Қиын су» учаскесінде Шығыс өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағының күштері 12 мамырда өзеннен өтпекші болғанда батып кетті деген болжаммен 1974 жылы туған азаматты іздеді.
14.05. сағат 21.17-де Шығыс өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағы 9-шы бөлімшесінің құтқарушысы қатты ағын кезінде үрлемелі қайық аунап кетуі салдарынан жоғалып кеткені туралы ақпарат келіп түсті. Құтқарушы іздеу-маневврлік топ құрамында болған.
– Оқиға орнына құтқару күштері мен құралдар жіберілді», — деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов.